Saturday, 23 November,2024

Балағат сөз үшін досының басын алды: Павлодарда әйелін қорғамақ болған ер адам 8 жылға сотталды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Павлодарда әйелін балағаттаған досын пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды. Яғни іс материалдары бойынша, биыл сәуірде ер адам танысының әйеліне тіл тигізген. Бұған шыдамаған күйеуі қатты ашуланып, оны өлтіріп қояды.

Ол танысына үш рет пышақ жұмсаған. Кейін сотта ол өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінді. Бірақ үкім жеңіл болмады. Сот оны 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Ұсынылатын