- Басты жаңалықтар
- Мәдениет
- “Балалар мешітке барғанша, ғылым қусын”. Шымкенттік шенеунік имамдарға үндеу жасады
“Балалар мешітке барғанша, ғылым қусын”. Шымкенттік шенеунік имамдарға үндеу жасады
Uaqyt.info
Фото
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек дін қызметкерлеріне үндеу жасады. Ол «Жастар ресурстық орталығында» өткен форумда имамдарға жас балаларды мешітке шақырмауға үндеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта буыны қатпаған балалардың мешітке баруы жиіліген. Ол ең әуелі жастардың діни сауаты емес, білімін арттыруға күш салу керектігін алға тартты.
“Қазақстанда мешіттің саны үш мыңнан асты. Шымкенттің өзінде жүзге тарта бар. Құрметті имамдар, сіздерден өтінемін, әлі буыны қатпаған жас баланы мешітке шақырмаңыздаршы. Мектебіне барсын. Сабағын жақсы оқысын. Ғылым қусын. Отанның өркендеуіне білімімен қызмет етсін. Сонда ғана біз шын мәнінде зайырлы, құқықты ел боламыз”, - деді Құранбек.