Monday, 25 November,2024

Балалар құқы бұзылды: Шымкентте сертификаты жоқ мамандар лагерде жұмыс істеген

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Шымкенттегі лагерлердің бірінде балалар өмірі мен денсаулығына әсер ететін бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қалалық прокуратура тексеруі нәтижесінде "Hawaii" лагері өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталмағаны және міндеттелген  санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмысын жүзеге асырғаны анықталған. Сонымен қатар, 2023 жылы бұл лагерьге 478 баланы орналастырған.

Ең көбі 220 баладан аспайтын "Үш бұлақ" лагерінде 310 оқушы орналастырылған. Тиісінше бір баланың ұйықтайтын орны 4 шаршы метрдің орнына 2,8 шаршы метрге дейін қысқарған.

Сонымен қатар, лагерьлердің көптеген қызметкерлері еңбек шартынсыз жұмыс істеген. Медициналық қызметтерді біліктілігі жоқ және медбике маманының сертификатынсыз қызмет көрсетуде. Медициналық кабинеттердің өзі белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, міндетті медициналық препараттар мен жабдықтар жоқ.

Тексеру іс-шаралары жалғасуда, нәтижелері бойынша шаралар қабылданатын болады.

Ұсынылатын