- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Балалардың болашағына билік жауап бере ме? Елдегі ауылдардың бірі 2 жылдан бері мектепсіз отыр
Балалардың болашағына билік жауап бере ме? Елдегі ауылдардың бірі 2 жылдан бері мектепсіз отыр
Алмас Абылай
Фото Астана телеарнасы
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Базартөбе ауылының балалары екі жылдан бері мектепсіз отыр. Ондағы 200-ге жуық бала кезек күтіп қирағалы тұрған ғимаратта оқуға мәжбүр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Астана телеарнасының жазуынша, балалар жатын бөлмесі оқу класына бейімделген шағын интернатта оқып жүр. Күрделі жөндеуге жабылған ауыл мектебі жоспар бойынша былтыр пайдалануға берілуі тиіс еді. Бірақ 2 жыл болды бітер түрі жоқ.
Амалсыз екі жүзге жуық оқушы мектеп жанындағы шағын интернаттың сегіз класында екі ауысыммен оқуға мәжбүр. Өйткені әбден ескірген интернат ғимараты 60 балаға ғана лайықталған.
Мердігердің біресе материалы болмайды, материалы келсе жұмысшылары кідіріп жатады. Сұрауға алса жұмыстың кешеуілдеуін қаржыландырумен байланыстырады
Бүгінде облыста 12 мектеп апатты жағдайда, тағы 9 білім ордасы үш ауысыммен жұмыс істейді.