Saturday, 23 November,2024

Балалардың құлағын бұрап, дөрекі мінез танытқан тәрбиеші жұмыстан шететтілді

Uaqyt.info
Фото

Алматыдағы «Чудо сад» жеке балабақшасында болған жағдай қоғамда қызу талқыланған болатын. Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты қалалық білім басқармасы түсініктеме берді. Ондағылардың айтуынша, тергеу аяқталғанға дейін тәрбиеші мен оның көмекшісі қызметтен шеттетілді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Қазіргі уақытта Наурызбай аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеу органы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде. Тәрбиеші мен оның көмекшісі тергеу аяқталғанға дейін қызметтен шеттетілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрлар ата-аналардың жағасын ұстатқан болатын. Онда тәрбиешінің балалармен дөрекі жұмыс істегенін көруге болады. Ол бір балақайдың құлағанынан бұраса, екіншісін орындыққа сілкілеп отырғызады.

Ұсынылатын