Балаларға обал: Петропавлда балабақша қызметкерінен туберкулез анықталды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Петропавлдағы балабақшалардың бірінде жұмыс істейтін қызметкерден туберкулез анықталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған балабақшада қызметтік тексеріс басталған. Комиссияның құрамына денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері кірген.
"Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жағдай жыл сайынғы профилактикалық тексеріс аясында анықталды, қазіргі уақытта бұл қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздық парағы негізінде жұмыстан шеттетілді", - делінген ақпаратта.