- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Балаларға жақсы ана болсыншы..." 4 балалы әке екінші рет үйленіп жұрт талқысына түсті
"Балаларға жақсы ана болсыншы..." 4 балалы әке екінші рет үйленіп жұрт талқысына түсті
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Интернетте 4 балалы әкенің екінші рет әйел алған сәті тарады. Бейнежазбаға жұрт түрлі пікір қалдырған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Видеода үйлену тойы салтанатпен өтіп жатқанын байқайсыз. Сахнада 3 жасөспірімнің әкесіне жүгіріп, құшақтап алғанын да көруге болады. Көп ұзамай 4-ші баланы үлкен әйелдің ер адамға ұстатады.
"4 баласы бар ер адам екінші рет үйленіп жатыр", - деп жазылған бейнежазбаға.
Желідегі жұрт бұл жағдайға түрлі пікір қалдырған. Басым бөлігі екінші жары бала туғанда алғашқы некедегі ұлдарын шеттетіп жібермесе болғаны, жақсы ана атансын, қыз туып берсін деген тілектерін жазуда.