“Балаларының көз жасына қалды”. Қайрат пен Жұлдыз ажырасты
Басқан қадамы үнемі ел аузында жүретін Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбікәрімоваға қатысты тағы бір қауесет тарады. Желі қолданушылары соңғы кезде бірге көрінбей кеткен қос жұлдызды ажырасып кетті деп топшылауда, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қайрат пен Жұлдыздың ажырасып кеткенін көпшілік бұған дейін де бірнеше мәрте айтқан. Бірақ одан кейін екеуі көпшіліктің алдына бірге шығып, отбасында барлығы дұрыс деп мәлімдеген.
Бірақ кіші қайнысының тойында бой көрсетпегеннен кейін сол әңгіменің алауы тағы тұтанды. Жұлдыз бен Қайрат ажырасыпты деп жұрт жарыса жазып жатыр.
“Жұлдыз балаларының көз жасына қалды. Өте тәкаппар екені көрініп тұр. Үйінен шықпай отыра беру керек еді. Атақ бар, ақша бар, бай керек емес боп жур ғой енді”, “Бұлар 2 жыл бұрын ажырасты. Не үшін Жұлдызды кінәлайды халық түсінбеймін”, “Не жетпейді осыларға?! Балаларын ойламай ма?”, “Нелерің бар? Қазақ осындай біреудің жеке өмірін талқылайтындай надан, төмен дәрежеге түсіп кеткенсіңдер ма?”, - деп жазды желі қолданушылары.
Әзірге Қайрат пен Жұлдыз ел аузында жүрген әңгімеге қатысты жауап берген жоқ. Нұртас Айдарбеков те бұған дейін үлкен келінінің не себепті тойға келмегенін “Жұлдыздың өзінен сұраңдар” деп қысқа қайырған болатын.