Sunday, 24 November,2024

Баласын араққа сатқан ба? Ақтөбедегі көкек ана табылды

Алмас Абылай
Фото

Ақтөбеде баласын шайханаға тастап кеткен көкек ана табылды. Ол дәл сол күні арақ ішіп кеткен екен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті айтты. Дерекке сүйенсек, келіншек 31 жаста. Көкек анаға әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойыншама хаттама толтырылған.

"31 жастағы келіншекті іздеп тауып, бөлімшеге жеткізді. Ол Ақтөбе қаласында жалдамалы пәтерде тұрады. Әйелдің айтуынша, ол таныстарын кездестіріп, артынша олармен алкогольді ішімдік ішкен", - делінген полиция ақпарында.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде орталық базар аумағындағы шайханадан 3 апталық нәресте табылғанын жазған едік.

Ұсынылатын