Tuesday, 14 May,2024

Балқаш халқы 2 күннен бері ауыз сусыз отыр

Алмас Абылай
Фото pexels

Балқаш қаласында төтенше жағдай. Халық екі күннен бері сусыз отыр деп хабарлайды Uaqyt.info.

Ақпаратты әкімдік растады. Қаладағы магистралды су құбырының бас сорғы станциясында ақау тіркелген. Салдарынан қала тұрғындары ауыз сусыз қалды.

"Диаметрі 800 мм құбырдың ысырма клапанының камерасынан 18 сағат бойы суды сору нәтижесінде, диаметрі 300 мм іргелес құбырдың ысырмасынан ақау себебі (ысырманың жарылуы) анықталды. Ысырманы ауыстыру жұмыстарын бастау үшін суды қажетті деңгейге дейін сору жұмыстары жалғасады", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар әкімдік бұл жұмыстар бүгін кешке дейін аяқталып қалатынына да тоқталған.

Айта кетейік қалада 80 мыңға жуық халық тұрады. Ауыз судың жоқтығына байланысты сабақ уақыты қысқартылып, тұрғындарға көліктермен су жеткізілуде.

Ұсынылатын