Friday, 22 November,2024

Балқашта үшінші күн ауыз су жоқ: Әкім халықтан кешірім сұрады

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Балқаш тұрғындары үшінші күн болды ауыз сусыз отыр. Әкімдік ақауды жөндеуге толассыз келген су кедергі келтіріп жатқанын айтуда деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мәліметке сүйенсек, бас магистралды құбырдағы ақау әлі жөнделмеген. Іргелес құбыр ысырмасы жарылуына байланысты оны ауыстыру жұмыстары қиынға соғуда. Басты себеп тоқтаусыз келіп жатқан су.

"Магистральдық құбырдан диаметрі 400 мм су төгетін құбырға клапан бөлшектелді. Камерадан суды айдау жұмыстары жалғасуда, себебі су әлі келіп жатыр. Қазіргі уақытта диаметрі 400 мм су төгетін құбырды бітеу жұмыстары басталды, сонымен қатар камерадан суды сору жұмыстары жүргізілуде. Келіп жатқан су ақауды қалпына келтіру жұмыстарына кедергі келтіруде", - делінген әкімдік ақпаратында.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта ауыз су мәселесіне байланысты жұмыстың тек 65 пайызы орындалған. Толық салдарды жою аяқталғаннан кейін гидравликалық соққыны болдырмау үшін магистральдық және орамішілік су желілерін кезең-кезеңімен толтыру басталады. Әзірге қала тұрғындарына ауыз су қашан берілетіні белгісіз. Тіпті бұл жағдайға байланысты қала әкімі халықтан кешірім сұраған.

Еске салайық, Uaqyt.info бұған дейін Балқаш жұрты 2 күннен бері сусыз отырғанын жазды.

Ұсынылатын