Sunday, 8 September,2024

Балқашта жоғалған 15 жастағы қыздың денесі көлден табылды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Балқашта із-түссіз жоғалып кеткен  жасар қыздың денесі көлден табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол салған болуы мүмкін, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Полицейлердің хабарлауынша, 15 жастағы жасөспірімнің киімдері 11 желтоқсанда жағалаудан табылған. Іздестіре келе құтқарушылары оның денесін 1,5 метр тереңдіктен тапты. Айта кетейік, жас қыздың жоғалғанын тәртіп сақшыларына әкесі кеше хабарлаған болатын. Қызды іздестіруге 130-дан астам полиция қызметкері мен ерікті жұмылдырылды. Қазіргі уақытта оның неліктен мұндай қадамға барғаны тексеріліп жатыр.

Ұсынылатын