Monday, 16 September,2024

Бангкокта 14 жастағы бала бірнеше адамды атып өлтірді

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Таиланд астанасы Бангкоктағы сауда орталықтарының бірінде атыс болып, үш адам мерт болды. Тағы бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

BBC басылымының жазуынша, 14 жастағы бала сауда орталығында жүрген үш адамды тапаншамен атып өлтірген. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жабылды. Әзірге оның мұндай қанышерлікке не үшін барғаны белгісіз. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын