Friday, 22 November,2024

Банк алдында берешегі бар жеке тұлғаларға енді несие беру шектеледі

Uaqyt.info
Фото

Қазақстанда банк алдында қарызын 3 айдан астам кешіктірген жеке тұлғаларға қайта несие қарастырылмайды, деп хабарлайды Уақыт. кз.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк, микроқаржы және коллекторлар қызметіне қатысты енгізілетін өзгерістер жобасын “Ашық НҚА” порталында жариялады. Құжатта бұл тыйым борышты қайта қаржыландыруға, не микрокредитін өтеу үшін банктен несие алу жағдайына қолданылмайтыны жазылған.

"90 күнтізбелік күннен астам банктік қарыз және (немесе) микрокредит бойынша мерзімі өткен берешегі бар Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес жеке тұлғаға банктік қарыз беруге тыйым салынады", – делінген заң жобасында.

Сондай-ақ  қазақстандықтарға міндетті тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілімен ломбард арқылы берілетін микрокредит алу құқығы сақталады.

Ұсынылатын