Банк қызметкерлерін кепілдікке алған адамның кім екені белгілі болды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Астанадағы Каспи Банк бөлімшесіне қарулы шабуыл жасап, қызметкерлерді кепілдікке алған ер адамның кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Каспи Банк мәліметінше, кепілдікте отырғандардың барлығы банк қызметкерлері екен. Ал шабуыл жасаған ер адам Жамбыл облысының тумасы болып шықты.
Айта кетейік, бүгін Астанадағы банк бөлімшесіне 30 жастағы ер адам шабуыл жасап, бірнеше адамды кеплідікке алған болатын. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.