Friday, 22 November,2024

Банкке шабуыл жасаған күдіктіні қандай жаза күтіп тұр?

Алмас Абылай
Фото

Астанадағы «Каспий Банк» бөлімшесіне басып кіріп, қызметкерлерді тұтқында ұстаған Жамбыл облысының тумасы ұзақ мерзімге сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Ішкi iстер министрi Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Polisia.kz жазуынша, аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК 261 бабы 2 бөлігі «Адамды кепілге алу» бойынша тіркелді. Бұл бапта мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, 18 маусымда Достық көшесінің бойындағы «Каспий Банк» филиалына кірген белгісіз тұлға, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып 7 адамды кепілге алған болатын.

Келіссөз жүргізгеннен кейін сағат 16:35-те арнайы жасақ қызметкерлері ғимаратқа шабуыл жасады. Жоспарланған операцияның нәтижесінде 30 жастағы ер адам ұсталып, кепілге алынғандардың барлығы босатылды. Кепілге алынғандар мен кепілге алушы зардап шеккен жоқ.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Ұсынылатын