- Басты жаңалықтар
- Саясат
- Бапи Назарбаев олигархтарының ақшасын қайтарса халықтың несиесін 10 еселеп жабуға болатынын алға тартты
Бапи Назарбаев олигархтарының ақшасын қайтарса халықтың несиесін 10 еселеп жабуға болатынын алға тартты
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи олихгархтардың сауықтыру деп бюджеттен алған қаржысын қайтарса халықтың несиесін 10 еселеп жауып тастауға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Сөзінше банктерді сауықтырамыз деп триллиондар бөлінген көрінеді.
"Прокуратура – ескі Қазақстанның халық алдында қарызын неге іздемейсіздер? Сауықтыру мақсатында банкілерге берілген триллиондарды қайтаруды неге талап етпейсіздер? Халықтың қарызын емес, бірнеше банкті біріктіріп, қыруар сауықтыру қаржысын бір банкке жинап алып кеткен Назарбаев олихгархтарының ақшасын неге іздемейсіздер. Егер триллиондар қайтарылатын болса, халықтың кредитін 10 есе қайтарып тастауға болады", - деді Ермұрат Бапи.
Сонымен қатар ол активтерді қайтару үшін заң қабылданғанын, бірақ сол заңның орындалып жатқаны көрмегеніне де тоқталды.
"Өкілетті орган құру жөнінде хабар тарады. Бірақ ол хабар мардымсыз. Активтерді қайтару комитетіне 130 адам мүше болады деген. Алайда қазір тізімге қарасақ, 30-40 адамнан аспайды", - дейді депутат.
Айта кетейік, бұған дейін елде қанша адамда несие бар екенін жазған едік.