Бапкер 7 жастағы шәкіртін жазалаймын деп өлтіріп қойды
Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр
Әзербайжанның Сумгаит қаласында дзюдо және самбо жаттықтырушысы өзінің 7 жасар шәкіртін өлгенше ұрып, өлтіріп қойды. Ол баланың мойнын сындырып жіберген, деп хабарлайды Uaqyt.info .
Жантүршігерлік видео Facebook әлеуметтік желісінде пайда болды. Ондажаттықтырушының кішкентай баланы ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Ал жасалған қауіпті әдістен 7 жасар баланың мойын сүйегі сынып кеткен екен. Алған жарақаттан ол аурухана төсегінде жан тапсырды. Әзірге Еуроойындардың қола жүлдегері Мехман Халиловтың қандай жазаға тартылатыны белгісіз.