Saturday, 23 November,2024

Бақшасында көкнәр еккен Түркістан облысының тұрғыны ұсталды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Түркістан облысының тұрғынынан "көкнәрдің“ 4 мыңға жуық түбі тәркіленді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Polisia.kz хабарлауынша, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Қазығұрт ауданының полицейлері бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде жергілікті тұрғынның бірінің үйінен құрамында есірткі заты бар өсімдік егілгенін анықтады.

Үйді тінту кезінде, күдіктінің бақшасынан "көкнәрға" ұқсас 3900-ден астам есірткі түбін тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысы өсімдіктің 160 келіден асатын "көкнәр" екенін растады.  

Аталған факті ҚР ҚК 300-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті қамауда.

Ұсынылатын