Friday, 22 November,2024

Бақыт Беделхан: “Суретке шайтан ұялайды деген ұғым - сәләфиттердің сандырағы”

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Зират басына қайтқан адамның суретін қоюға болады ма? Бұл сұрақ ел арасында әлі күнге қызу талқыланып келе жатқан тақырыптың бірі, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Дін өкілдері қайтыс болған адамның суретін бейіт басына орнату дұрыс емес деп санайды. Осыған қатысты ҚМДБ-ның шығарған пәтуасы да бар. Онда “Шариғат бойынша адамның бейнесін қашап, бюст, ескерткіш орнатуға рұқсат жоқ” –делінген.  

Ал белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Бақыт Беделхан зират басына марқұмның суретін қоюда тұрған ешнәрсе жоқ дейді. Оның айтуынша, суретке шайтан ұялайды деген -  сәләфиттердің сандырағы.

“Атам қандай болды деп 50 жылдан кейін бейіт басына барған кезде, атасының суреті тұрса, не болыпты? Егер де сурет болмады десең, бүкіл қазақтың даласынан табылған балбал тас пен мүсіндерді қайда қоясың? Олар да адамның образы, енді соған шайтан ұялап кетеді деген ешкім жоқ қой. Сурет дегенің сол. Ал оны қоюға болмайды, үлкен күнә деген ұғым - уахабист пен сәләфиттердің сандырағы. Қазақтар қашан да өлген адамды арулап көміп, әруақ сыйлаған халық”, - деді Бақыт Беделхан.

Құлпытасқа сурет қойған дұрыс па, бұрыс па? Сіз қалай ойлайсыз?

Ұсынылатын