Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы бостандыққа шықты
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Бақытжан Сағынтаевтың 7 жылға сотталған бұрынғы күйеу баласы Бақыт Ибрагим бостандыққа шықты. Qazaq Banki-нің бұрынғы акционері қаржы жымқырғаны үшін істі болған еді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Естеріңізге сала кетейік, Бақыт Ибрагим 2018 жылы Германияда ұсталған болатын. Әу баста сот оны 8 жылға соттағанымен, кейіннен бұл жазаны 7 жылға қысқартты.
Ол Bank RBK-дан 144 миллиард теңге ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Ақша жымқырып, сотталғандардың ішінде Жомарт Ертаев та бар. Ол 9 жылға сотталған болатын.
Бақыт Ибрагим – Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызы Меруерт Әбдірдің бұрынғы күйеуі.