- Басты жаңалықтар
- Оқиға
- “Барлық жерде ит ұли бастады…” Көріпкел Алматыда жойқын жер сілкінісі болатынын айтты
“Барлық жерде ит ұли бастады…” Көріпкел Алматыда жойқын жер сілкінісі болатынын айтты
Назым есімді көріпкел Алматыда жер сілкінісі болатынын айтты. Тіпті халыққа табиғат апатына дайын болуды ескертіп отыр деп хабарлайды Уақыт.кз.
Көріпкел өз ескертуін facebook-тегі парақшасында жазды. Онда Рамазан айында барлық сақтық шараларды ескеріп жүру қажетін еске салған.
«Оразадан кейін жер сілкінеді деп ойлап едім. Ораза біткенше жеке жер үйде тұра тұруға кеңес беремін. Жаңа үйлерде тұратындар ата-аналарыңыздың қасына бара тұрғандарыңыз жөн. Ескі, кірпіш үйлер шыдайтын шығар. Ал жаңа үйлерге сенім жоқ. Бүгін барлық жерде ит ұли бастады. Аспан да ашылмай қойды. Белгілері. Өте өкінішті. Араларыңызда ренжіткендерім болса, кешірім сұраймын. Бәріңізді жақсы көремін, - дейді жазбасында.
Сондай-ақ, ол көпқабатты тұрғын үй тұрғындарына тоңазытқыштың ішін су мен тамаққа толтырып, төсектерінің қасына қойып алу керегін де ескерткен. Әрі жылы киініп жатуын жазған. Ал өзі болса түнімен кешірім сұрап шығатынына тоқталыпты.