Sunday, 24 November,2024

Бас мүфти: "Жастар діни ағымдардың ақ-қарасын ажырата алмайды"

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы  Шымкент қаласында жастармен кездесті. Онда Бас мүфти жастарға дұрыс ақпарат берілуін керек екенін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Өкінішке қарай, бүгінде Ислам атын жамылған діни ағымдар пайда болды. Ақпараттық ашық заманда кейбір жастарымыз діни ағымдардың ақ-қарасын ажырата алмай, олардың идеологиясына еріп кетуі мүмкін. Осы ретте діни мәселеге, діни ағымдарға қатысты сұрақтар туындаса, Діни басқарма жанындағы Діни оңалту бөлімінің мамандарына, жалпы мешіт имамдарына хабарласуларыңызды сұраймын. Бұдан бөлек Діни басқарма жанында тәулік бойы жұмыс істейтін діни ақпарат беру орталығы бар. Кез-келген уақытта хабарласып, жауап аласыз. Мүфтият жастарды жат ағымдардың теріс идеологиялық ықпалынан сақтандыруға бар күшін салады”, - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ ол түрлі ағымға бас ауыртпай, жастардың жас кезінде білім алуға, салт пен дәстүрді құрмет көрсетуге үндеді.

 

Ұсынылатын