Friday, 18 October,2024

Басқа қарайтын іс қалмаған ба? Ақтауда мысық өлтірген ер адамға сот жаза кесті

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ақтау сот мысық өлімі бойынша іс қарады. Оны өлтірді деп айыпталған ер адамға тіпті жаза кескен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Мой город жазды. Дерекке сүйенсек, иесі Максик атты мысығын жоғалтып, іздейді. Бірақ нәтижесіз болған. Кейін бұл іске еріктілер араласып ақырында мысықтың өлтірілгенін анықтаған.

Иесі жағдай бойынша сотқа жүгінеді. Көп ұзамай бұл іс бойынша қалалық сот шешім шығарды.

"Сотталушы мысықтың басы мен денесін еден жуатын құралмен ұрған. Жануардың денесінен қан аққан. Содан кейін айыпталушы оны пәтерден шығарып, тұрғын үйдің кіреберісіне тастай салған. Ер адамның қатыгездігінен мысық өлді", - делінген сот дерегінде.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Судья оны 100 сағат қоғамдық жұмыс тарту жөнінде жаға тағайындады.

Ұсынылатын