Saturday, 23 November,2024

Башқұртстанда “Қара халық” деп айтқан сөзі үшін белсенді 4 жылға сотталды

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Башқұртстанда белсенді Фаиль Алсынов 4 жылға сотталды. Ол алтын өндірушілерге қарсы митинг барысында ұлтараздық туындату пейілі бар сөздерді айтқан деп айыпталуда. Алсыновтың үстінен арызды Башқұртстан басшысы Радий Хабиров жазған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Белсендінің сотына мыңдаған адам жиналып, оны босатуды талап етті. Айта кетейік, ол Кавказ, Орталық Азия халықтарына тіл тигізді деп айыпталып отыр. Алсыновты қолдауға келгендерді күштік құрылым өкілдері таратуға тырысты. Олардың кейбірін полицейлер ұстап әкеткен.

Айта кетейік, айыптаушы тарап оның митинг кезінде “Қара халық” деген сөзін басты назарға алған.

Алайда белсендінің жақтаушылары ол сөздің ешқандай да ұлтараздықты қоздыруға жатпайтынын алға тартты. Тәуелсіз сарапшылар осы арқылы Ресей билігі жекелеген ұлттардың мәдениеті мен тіліне жанашырлық әрекетін басып тастайтынын көрсеткісі келеді деп баға беруде.

Ұсынылатын