- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Басты қауіп шығыста: АҚШ министрі әскерді Қытаймен соғысуға дайын болуға шақырды
Басты қауіп шығыста: АҚШ министрі әскерді Қытаймен соғысуға дайын болуға шақырды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
АҚШ-тың әуе-әскери министрі Фрэнк Кендалл сарбаздарды Қытаймен соғысуға дайын болуға шақырды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы ақпарат Пентагонның ресми сайтында жарияланды. Онда Қытайдың соңғы 20 жылда қару-жарағын жаңғыртуға ерекше күш салғаны әрі АҚШ-тың басты қауіпі солар екені жазылған. Сондықтан министр сарбаздарды соғысқа дайын болуға шақыруда.
Соғыс жағдайына барынша дайын болуымыз керек. Модернизация жасалуы тиіс. Экстремистер тарапынан туындайтын жағдайды жоюға болады. Бірақ АҚШ-тың басты қаупі Қытай, - дейді министр.
Сонымен қатар ол Қытайдың соңғы жылдары сан түрлі зымыран жасағанын, әрі кез келген уақытта соғыс басталып кетуі мүмкін екенін де ескертіп отыр. Әсіресе бұл жағдайда басты әсер етуші Тайвань мен Қытай қақтығысы болуы мүмкін.