Sunday, 24 November,2024

Басы істей ма? Жауын кезінде жол жөндеген әкімдік желіні шулатты

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Жаңбыр кезінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізген Жезқазған әкімдігі сынның астында қалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Жөндеу жұмыстарының видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Онда техникалардың Жезқазғандағы Сейфуллин көшесіне асфальт төсеп жатқанын көруге болады. Жаңбырдың жауып тұрғанына қарамастан қызу жұмыс жүргізіп жатқан әкімдікті желі қолданушылары сынап жатыр.

“Жергілікті Антикор терең ұйқыда жатқанына күмән жоқ”, “жолды осындай ауа-райында жасайды ма?”, “Жазда ай қарап отырды ма?”, "Жезқазған ғана емес, бүкіл елде осындай ғой", - деп жазды желі қолданушылары.

Ұсынылатын