- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- “Басын езген”. Төреғали Төреәлінің адвокаты полицейлердің әрекетін сынады
“Басын езген”. Төреғали Төреәлінің адвокаты полицейлердің әрекетін сынады
Танымал әнші Төреғали Төреәлінің адвокаты Тілеужан Кішкенебаев әншінің ісіне қатысты ел естімеген деректер айтты. Оның айтуынша, әншіні ұстаған кезде полицейлер өрескел қателік жіберген. Естеріңізде болса, маусым айында есірткіге еліткен күйі көлік басқарған Төреғали Төреәліні полицейлер күштеп тоқтатқан болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл жайында адвокат "Менің өмірім" бағдарламасында айтты.
"Сот Төреғалидің ісі бойынша оны кінәлі деп тапты. Оған 20, 15, 3 тәулік әкімшілік қамақ түрінде жазалар қолданды. Ол жазасының бәрін өтеді. Бірақ, Төреғалидің құқығы бұзылғаны рас. Өйткені, әу бастан, ұстаған кезден бастап, өзінің асығып бара жатқанын түсіндірген. Олар түсінгісі келмей, мәжбүрлі түрде көліктен шығуын талап еткен. Сол кезде ол "Жақсы, мен қорғаушымды шақырайын.
Қорғаушым келсін. Соның қатысуымен сұрақтарыңызға жауап берейін" деген. Бірақ, оған мұрша бермеген. Оны сүйрелеп, көліктен жерге құлатып, бәрі жамырап үстіне мініп алып, қолына кісен салып, ауыр қылмыс істеген адамды ұстағандай ұстады. Ол енді болмайды ғой. Тізесімен басын езу, қолын қайырып, кісен салу деген болмайды. Ол кінәсі дәлелденбеген адам. Олай ұстауға болмайды. Кінәсі дәлелденіп, құқықпен жаза тайындалмады.
Сонымен қатар Төреғали Төреәлінің полицейлерді кешіргенін де айтты. "Полицейдің артық кеткен жері көп болды. Төреғали Төреәліге мен полиция қызметкеріне қатысты іс қозғауға қатысты материал дайындап қойдым. Бірақ ол кісі "Олардың ата-анасы, бауырлары, туыстары тыңдарманым ғой. Бір жолға кешірейін. Тапсырма берілгесін солай жасаған шығар. Кешірімді болған дұрыс қой" деп, бізді тоқтатып қойды", - деді адвокат.