Saturday, 23 November,2024

Басынан жарақат алған: Мәскеуде экс-депутатты өлтіріп кетті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Украинаның бұрынғы депутаты Илья Киваның мәйіті Мәскеу облысынан табылды. Алдын ала болжам бойынша Кива атыс қаруынан көз жұмған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Мәскеу түбіндегі Супонево ауылының маңынан Илья Киваның денесі табылды. Бұл туралы шетелдік БАҚ ақпарат таратты. Онда экс-депутаттың басынан ауыр жарақат алғаны, соның салдарынан көз жұмғаны айтылған.

Айта кетейік, Кива Украинадан 2022 жылы кеткен. Ағымдағы жылдың қараша айының ортасында Львов қаласының Лычаковский соты оны сырттай 14 жылға бас бостандығынан айырған болатын. «Оппозициялық платформа – «Өмір үшін» партиясының Жоғарғы Радасының бұрынғы депутаты мемлекетке опасыздық жасады, өшпенділік тудырды, билікті басып алуға және агрессивті соғысқа шақырды, коммунистік тоталитарлық режимнің нышандарын көпшілік алдында пайдаланды деп айыпталған.

Қазргі уақытта депутаттың өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұсынылатын