Sunday, 24 November,2024

Батыс Қазақстан облысында бір күнде 3 адам суға батып кетті

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Батыс Қазақстан облысында 3 адам суға кетті. Қайғылы жағдай 5 тамыз тіркелген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті дерегіне сүйенсек, 5 тамыз күні Бәйтерек ауданы Жайық-2 ауылында алғашқы жағдай тіркелген. "Карьер" жасанды су қоймасында 16 жастағы жасөспірім батып кетті. Оның денесін жедел құтқару жасағының қызметкерлері сағат 19.00-де алып шықты.

Сондай-ақ, кешкі сағат 19.11-де Орал қаласында "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ ауданында құтқарушылар 44 жастағы ер адамның денесін шығарды. Ол досымен бірге суда жүзіп жүргенде батып кеткен. Сосын оны досы Жайық өзенінің арғы бетіне шығарып қойған. Құтқарушылар мәйітті бергі бетке шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Тағы бір оқиға Ақжайық ауданы Жамбыл ауылдық округі "Дөңгелек" су қоймасында болды. 31 жастағы ер адам 4 тамыз күні сағат 22.00-де қайықпен суда жүзіп, белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Қайық судан табылған. 5 тамыз күнгі сағат 10.42-де іздестіру жұмыстары басталып, оның денесі бүгін таңда табылып отыр.

Ұсынылатын