Бауыржан Исламханға операция жасалды
Uaqyt.info

Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламханға германияда операция жасалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы «Ордабасы» клубының баспасөз қызметі мәлімдеді. Футболшыға операция Мюнхенде жасалған.
Клуб өкілдерінің айтуынша, Бауыржанның аяғына жасалған операция сәтті өткен. Олар спортшыға тезірек сауығып кетуін тілеп жазба қалдырды.