Saturday, 18 May,2024

Бахмутқа талас: Украина Ресейдің бүтін бір бригадасын талқандады

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Бахмут түбінде қарсы соғысқа шыққан Украина әскері Ресейдің бүтін бір бригадасын талқандаған. "Вагнер" жалдамалыларында да шығын көп, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бахмуттағы соңғы мәліметті ВВС жазды. Дерекке сүйенсек, Украина басып алынған қаланың 3 шақырымдық аумағын жау әскерінен босатқан. Салдарынан Ресейдің 72-ші бригадасы тас талқан болыпты. Украинаның3-ші десантты-шабуылдау бригадасының командирі Андрей Билецкий басқыншылар әскеріне қатты соққы жасалғанын мәлімдеді. Әрі 6-шы және 8-ші атқыштар бригадасын түгелдей жойғанына тоқталды.

Сондай-ақ ЧВК "Вагнер" жалдамалыларының да айтарлықтай шығынға батқанын айтқан.

Соңғы мәлімет бойынша Бахмут төңірегі 3 шақырымға, ал қалаға қарай 2,6 шақырымға жау әскерінен тазартылған. Әрі "Вагнер" жетекшісі Пригожин 72 дивизияның кері қашқанын да растапты.

Дей тұрғанымен бұл жөнінде Ресей тарапы әлі жақ ашпады. Әзірге қала қиян-кескі ұрыс алаңының бірі саналуда. Қос тараптан да қаза болған сарбаздар қатары көп.

Ұсынылатын