Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапында алғашқы голын соқты
                     Uaqyt.info 
                    
  
                    
  
                
                
                         Фото Ашық дереккөзден
                                                        Қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапындағы алғашқы ойынында жеңісті голын соқты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Конференция лигасының плей-офф раундының алғашқы матчында Түркия клубы «Бешикташ» Киевтің «Динамосымен» кездескен болатын. Ойынның екінші кезеңінде жасыл алаңға шыққан Зайнутдинов матчтың 95-минутында мергендік танытып, жеңіс голын соқты. Бахтиерді Ыстамбұл клубы ЦСКА-дан 4,5 млн еуроға сатып алғанын айта кетейік.
            


