Friday, 10 May,2024

Базарда арба айдаушы азаматтың күмбірлете күй тартқаны жұрт назарына түсті

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Базарда арба айдаушы жігіттің өнерін жұрт қызу талқылауда. Ол "балбырауын" күйін керемет орындап берген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бенйежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан жігіттің арба үстіне отырып, күмбірлете күй тартқанын байқайсыз. Тіпті айналасындағы жұрт сүйсіне тыңдап, қалтасына ақша да салып жүр.

Желідегі жұрт жігіттің өнеріне оң бағасын беруде. Басым бөлігі жақсы тілектерін жаппай жазып жатыр.

"Қазақтың небір таланттары тасада қалып жатыр". "Мына жігіт еңбегімен табыс тауып отыр". "Оң қолы домбыраның бетіне мысықтабандап жатып алады екен. Ғажап", - деген пікірлерін қалдыруда желі қолданушылары.

Тіпті пікірлер арасынан бұл жігіттің Қарағанды қаласындағы "Шығыс" базарында домбыра тартқаны жазылыпты.

Ұсынылатын