- Басты жаңалықтар
- Шоу-бизнес
- Бейбіт Қорғанның ұлы емес: Әнші “Астарлы ақиқат” бағдарламасын сотқа бермек
Бейбіт Қорғанның ұлы емес: Әнші “Астарлы ақиқат” бағдарламасын сотқа бермек
Атыраулық келіншектің баласы әнші Бейбіт Қорғанның ұлы болмай шықты. ДНҚ сараптамасының қорытындысы шыққаннан кейін, әнші енді танымал бағдарламаны сотқа бермек, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Естеріңізге сала кетейік, “Астарлы ақиқат” бағдарламасында атыраулық Нұргүл Зиханова әнші Бейбіт Қорғаннан баласы бар екенін айтып, дүйім елдің жағасын ұстатқан болатын.
Даулы бағдарламадан кейін әнші ДНҚ тест тапсырды. Бірақ қортындысы ел күткендей болмады. Өйткені сараптама баланы әншіден емес екенін анықтаған. Енді Бейбіт Қорған өзінің атына кір келтірген бағдарламаны сотқа бермекші.
“Азаматтық іс қозғалып, сот отырысында соттың тарапынан баланың әкесін анықтау мақсатында сараптама тағайындалды. Сот ұйғарымы бойынша осы жылдың 24 қаңтарында Бейбіт Қорған аталған ұйғарымда көрсетілген міндеттерін атқару барысында келіп сот биологиялық үлгілерін тапсырды. 27 ақпанда сот барысында барлық қатысушылардың көзінше сараптама ашылып, сараптама қортындысы оқылғаннан кейін, әкелігі анықталмауына байланысты арызданушы берген арызын қайтарып алды. Жіне ол соттан шағымды қараусыз қалдыруды сұрады”, – деді адвокат Ұзаққалиева Орынгүл.