Saturday, 18 May,2024

Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев 40-қа толды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

2008 жылғы Бейжің Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2003 жылғы Стамбулда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы Нұрбақыт Теңізбаев 40 жасқа толды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаев 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысының Панфилов ауданындағы Үшарал ауылында дүниеге келген. 1995 жылдан грек-рим күресімен айналысқан. Грек-рим күресінен халықаралық санаттағы спорт шебері. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Нұрбақыт Талдықорған қаласының және Панфилов ауданының құрметті азаматы. Ол 2018 жылдан бері Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметінде.

Ұсынылатын