Saturday, 23 November,2024

Бекболат пен Мұхамеджан сәләф па? Дарын Мубаров шындықты айтты

Uaqyt.info
Фото

Белгілі уағызшы Дарын Мубаров Бекболат Тілеухан, Мұхамеджан Тазабек және Балғынбек Имашқа қатысты өз пікірін жеткізді. Ол "Talk Like" бағдарламасына берген сұхбатында оларды шәкірт санамайтынын айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Енді олар өздері сыртымнан сыйлап, ұстазым деп айтып қалмаса, мен оларды шәкіртім деп айта алмаймын. Біз дастархан басында кездесіп қаламыз. Ол кісілерді көремін, сөздері дұрыс, ойлау жүйелері, парасаты бар кісілер. Екіншіден, оларды сәләф деп айта алмаймын, елдер сыртынан айта беретін шығар. Менің оларға беретін бағам - құдайды танып, сол құдайға құлшылық қылып, бес уақыт намазын түгендеп, сол құранда келген нәрсені шамасы келгенше істеп жүр. Менің білуімде, бұл жігіттер ақыл тоқтатып қойған, біреуге ілісіп кететіндерге мүлде ұқсамайды. Оларды сылаймын, құрметтеймін. Менің өлшеуімде олар сәләф деп айтатын кісілер емес", - дейді Дарын Мубаров.

Ұсынылатын