Беларусь елінде бас бостандығынан айырылған 2 қазақстандық елге қайтарылды
Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр
Бас Прокуратура Беларусияда сотталған 2 қазақстандықты елге қайтарды. Олар өз жазаларын өтеуді ел түрмесінде жалғастырады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бас Пркоуратура ақпаратына сүйенсек, Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы Беларусь соты бас бостандығынан айыруға сотталған Қазақстан Республикасының "К" және "М" есімді азаматтарын беру туралы сұранысын қанағаттандырған.
Азамат "К" Беларусияда аса ірі мөлшерде пара бергені үшін, азамат "М" жеке құжаттарды ұрлағаны, тонағаны, және ұрлық жасағаны үшін тиісінше 5 жыл және 7 жыл 6 айға сотталған, - делінген ақпаратта.
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен аталған азаматтарды жазасын одан әрі қарай өтеу үшін Қазақстанға жеткізді. Қазіргі уақытта олар Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.