Бельгия-Швеция матчы кезінде теракт болып, екі жанкүйер мерт болды
Uaqyt.info
Фото
Бельгия астанасы Брюссельде атыс болып екі футбол жанкүйері қаза тапты. Күдікті оқ жаудырғаннан кейін “Аллаху акбар” деп оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бельгия-Швеция матчына келген Швецияның екі азаматы оққа ұшып көз жұмды. Қайғылы оқиғадан кейін Бельгия-Швеция арасындағы ойын тоқтатылып, елде жоғары деңгейдегі террорлық қауіп жарияланды. Әзірге құзырлы орган өзін «ТГИЛ мүшесімін» деп видеоға түсіріп үлгерген қаскөйді тапқан жоқ.
Айта кетейік, теракт қос команда арасындағы футбол матчының бірінші таймы біткен кезде болған. Екінші кезеңге қос команданың өкілдері шығудан бас тартты, ал жанкүйерлерді полиция қауіпсіздік мақсатында бірнеше сағат бойын стадионнан шығармаған.