Saturday, 23 November,2024

Белгілі актер Асқар Наймантаев өмірден өтті

Uaqyt.info
Фото

Көптен бері қатты ауырып, ауруханада емделіп жатқан белгілі актер Асқар Наймантаев 59 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қаралы хабарды белгілі журналист Серік Әбікенұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Соңғы жазбаларының бірінде “…ендігі ғұмыр тамшылап келіп жатыр” деген екен. Ғұмыр-құмырасындағы сол тамшылар да сарқылыпты. Бақұл болыңыз, Ас-аға. Алдыңыз пейіш болсын”, - деп жазды Серік Әбікенұлы.

Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев - 1965 жылы, 17-маусым күні, Алматы облысы, Нарынқол ауылында, өнерлі отбасында дүниеге келген. Әкесі Әбдіғалым Наймантаев "Нарынқол халық театрында" режиссер, ал, анасы Рафия Райжанова сол халық театрының актрисасы болып қызмет атқарған. Асқардың балалық өмірі сол театр іргесінде өтті.

Актер «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танымал. Республикамыздың эстрада өнерінің тарихында Асқар Наймантаев ашқан «Терісқақпай», «Аққу-Гәкку» комедиялық театрларының орны ерекше.

Ол бірнеше пьеса, киносценарилер, тележобалардың, аудармалардың авторы. 2020 жылы Алматы облысы Райымбек және Ұйғыр аудандарында «Хантәңірі» және «Қарадала» театрларын ашты.

Ұсынылатын