Saturday, 23 November,2024

Белгілі ақын Серік Қалиев қайтыс болды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Ақын, журналист Серік Қалиев сәуірдің 27-де жол апатынан көз жұмды. Серік Қалиевті көлік қағып кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қаралы хабарды ақын Мұхамеджан Тазабек өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

“Қазаққа көңіл айтам… Серік ағам елдің ұлы, халықтың баласы, қазақтың нағыз иманды ақыны еді… Жаның жаннатта болсын, жан көкем! 15 жасымнан қасыңа ертіп едің...Туған ағамнан артық едің...Рамазан оразасын аяқтап, Шәууәлдің оразасын ұстап жүр едің... Мешітке кеп, құптан намазын жамағатпен оқып, үйге қайтсам деп едің...Оқыстан соққан тағдырдың жазуыменен үйге емес, Раббыңа қайтып кеттің-ау...Жұмаға қараған бейсенбінің кешінде үзілдің, ертең жұма намазда жаназаң шықпақ бұйырса...Недеген ғибратты тағдыр, недеген рухани қоштасу...Бір Алла рахымына бөлесін өзіңді, жан көке!!!”, - деп жазды Мұхамеджан Тазабек.

Серік Қалиев 1961 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген.. Серік Қалиевтың «Жұлдыз - сезім», «Ақ моншақ», «Егіздің сыңары», «Ашық хат» өлең жинақтары жарық көрген. Ол Асыл арнада бірнеше жыл қызмет еткен.

Ұсынылатын