Thursday, 14 November,2024

Белгілі меценат Махат Төреәлі туған жерінде ат шаптырып, ас берді

Алмас Абылай
Фото Коллаж/uaqyt.info

"Beles" құрылыс компаниясының директоры, кәсіпкер Махат Төреәлі Түркістан облысының Созақ ауданындағы Тасты ауылында ат шаптырып, үлкен той берді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Кәсіпкер мұндай іс-шараны жылда өткізуді әдетке айналдырған. Ол Тастыдағы тойға биыл өзімен бірге бірқатар танымал азаматтарды ала келіпті. Олардың арасында мәжіліс депутаттары Мақсат Толықбай, Ринат Зайытов және белгілі журналистер Ерқанат Көпжасар мен Нұрсейіт Жылқышыбай, Аяз би Елубай бар.

Айтыскер ақын жырдан шашу шашып, Созақтың халқын әнге қосса, ел ағалары туған жеріне құрмет көрсеткен меценатқа ақ батасын берді. Ал ауыл жастары Махат Төреәлінің иығына шапан жауып, астына тұлпар мінгізді.

Жылдағы дәстүр бойынша, Тастыда бәйге, көкпар және футболдан "Белес жүлдесі" ұйымдастырылады. Жеңімпаздарға қомақты қаражат пен сый-сияпат қарастырылған.

Ұсынылатын