Friday, 19 April,2024

Белгілі саясаткер Жасарал Қуанышалин өмірден озды

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Алматыда белгілі саясаткер, қоғам қайраткері, оппозиционер Жасарал Қуанышалин қайтыс болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин өмірден озды. Ол ауыр науқастанып, ауруханаға түскен еді. Саясаткер қайтыс болғанын белсенді Ниязбек Юсупов растады. Қаралы хабарды Юсуповке дәрігерлер айтқан.

Жасарал Қуанышәлин 1994-1995 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өтіп, түрлі ұйымның қатарында билік саясатын ашық сынап келді. Кейінгі жылдары партия құруға талпынғанымен, оларды әділет министрлігі әртүрлі уәжбен тіркемеген. Президент сайлауына түсуге де ниет білдіргенімен, кандидат ретінде тіркеле алмаған.

Ұсынылатын