Thursday, 19 September,2024

Белгілі спортшы Нұрбақыт Теңізбаев аудан әкімі болды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Белгілі спортшы Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облысындағы Кеген ауданының әкімі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Спортшының шенеунік атанғанын Facebook-те Диас Нұрақын жазды. Онда боз кілемде белдескен азаматтың саясат сахнасында да бағын сынауға кіріскеніне тоқталған.

"Кеген ауданының әкімі болып Нұрбақыт Теңізбаев тағайындалды. Бейжің олимпиадасында күміс алған балуан енді саясат сахнасында бақ сынап көрмекші. Жеке таныстығым жоқ. Жұмысына баға бере алмаймын. Туған жерді гүл қылса бәрекелді, күл қылса неге келді дейміз. Бәрі уақыт еншісінде. Ертең Қарқара жайлауында өтетін Қымыз фестивалінде әкім ретінде қонақ күтіп, алғашқы жұмыс күнін той-томалақпен бастамақшы", - деп жазады ол.

Айта кетейік, Нұрбақыт Теңізбев грек-рим күресінің палуаны, жастар арасында әлем чемпионы (Ыстанбұл, 2003 жыл), 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, 2009 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. "Құрмет" орденінің иегері.

Бұған дейін спортшы Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымын атқарған еді.

Ұсынылатын