Friday, 22 November,2024

Белгілі вайнер Мейіржан Төребаев 5 жылға сотталуы мүмкін

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Вайнерлер ісі бойынша сот үкімі шығуға жақындап қалды. Қаржылық пирамиданы ұйымдастырды деген күдікпен ең жоғарғысы 15 жылға сотталса, Мейіржан Төребаевқа 5 жыл жаза кесілуі мүмкін, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған вайнерлер ісі бойынша бүгін прокурор айыптау актісін оқыды. Журналист Козачковтың жазуынша мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құранбаев Мейіржан мен Мейірханға 5 жыл жаза кесуді сұраған. Олардың мойындарында 262 бап алынып, тек 217 бап қана қалған. Яғни қаржы пирамидасы бойынша. Осылайша енді олар 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ал бұл істің өзге фигуранттары 15-8 жыл аралығында сотталуы мүмкін. Мысалға қылмыстық топ жетекшісі делінген Алмас Құрманғалиевке 15 жыл, оның оң қолы желінген Дания Рақымова 12 жылға және сенімді серігі Ержан Мансұров 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.

Ұсынылатын