Thursday, 14 November,2024

Белгілі заңгер колаға бойкот жариялаған блогерді жазаға тартуды сұрады

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде кола сусынын далаға төккен блогердің әрекетіне қатысты түрлі пікір көп. Заңгер Айгүл Орынбек оның әрекетінде қылмыстық іс бар екенін және оны жазаға тартуды сұрады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы заңгер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі, мына жігіттің іс әрекеті мен сөздерін саралайтын болсақ, Қылмыстық кодекстің 174 бабына сай іс ашу керек! Елдің алдында жүрген соң, өзінің эмоциясын ұстап үйренсін. Халықты неге шақырып отыр? Дағыстандағыдай төңкеріске ме? Бұл жігітті көретін жастар, дүкендерге шабуылдап кока-кола сөрелерін қиратып, сойқандағанын күтіп отырсыңдар ма? Палестина үшін бәріміздің жүрегіміз ауырып отыр, бірақ халықты құқықбұзушылыққа, тәртіпсіздікке шақырып керегі жоқ! Ал құзырлы органдарда жұмыс істейтіндерге айтарым милары уланғандар мен жұмыс істеңдер! Бізге осылар қауіптірек! Жастарға айтарым, мына жігіттің істегенін істеп жүрмеңдер! Қамалып кетесіңдер немесе үлкен соммада айыппұл төлейсіңдер!”, - деп жазды Айгүл Орынбек.

Ұсынылатын