Sunday, 24 November,2024

Белгілі заңгер халықтан ақша жинап алдап кеткен Балғынбектің былығын ашты

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек халықтан үй алу мақсатында ақша жинаған компанияның атына шағымдар түсіп жатқанн хабарлады. Тіпті бұл ұйымның жарнамасын Балғынбек Имашев та жасаған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Айтыскер ақын Балғынбек Имашевтің аталмыш компанияны жарналамап, халықты ақша салуға үгіттеген бейнежазбасын Айгүл Орынбек әлеуметтік парақшасында жариялады. Онда дәл осы компанияға ақша салған қара халық алдандық деп арызданып жатқанына да тоқталған.

"Аманат хоум", салымшылары маған шығып жатыр көмек сұрап! Балғынбек Имашев сізге сеніп ақша салған денеңіздің бөлшектеріне ақшаларын қайтарып беріңіз жылатпай, ұят болады! Мына видеодан кейін намаз оқитындар алдамайды дегенге сенесіңдер ме? Қылмыстық істі неге қозғамай отырсыздар? Міндетті түрде халық өзін өртеу керек пе? Бәрі арыз жазған екен, іс қозғалмай тұр деп жазып жатыр. Жылдам қозғап жіберіңіздер, Балғынбек ағамыз арнауын сот залында айтсын", - дейді заңгер.

Айта кетейік, бұған дейін қоғамда Мәжіліс депутаты, ақын Ринат Зайытовтың намаз оқитындар мен алаяқтар жайын біріктіре қозғаған әңгімесі қызу талқыға түскен. Кейін дәл осы сөзге шамданған Балғынбек Имашев Ринатқа қарсы біраз сөздер айтып еді.

Ұсынылатын