Saturday, 27 April,2024

Белгілі жазушы Ғалымбек Елубай өмірден өтті

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Белгілі жазушы Ғалымбек Елубай 40 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Марқұм қазақ әдебиетіне сүбелі үлес қосқан зиялылардың бірі. Қаралы хабарды жазушы Қанат Әбілқайыр әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

“Мұхтар Мағауин айтқан болашағынан үміт күттіретін 40 прозашының ішінде Ғалымбек Елубай бауырымыздың да бары анық. Енді отыз тоғызы қалды. Кешелі бері жаппай айтылып жатқан "мойындаудың" үштен бірін Ғалымбек көзі тірісінде естісе, бәлкім ажалға күш бермес пе еді?! Сенім - ұлы күш. Жазуға үміт артқан әлгі 39-дың келешекке деген сенімі күйрей көрмесін! Ғалымбек өмірде кездескен адамым емес. Сөйтсе де қаламдастың бәрі бауыр ғой! Бауырым, рухыңа фатиха оқимын! Тәңір Ием алдыңнан жарылқағай!, - деп жазды Қанат Әбілқайыр.

Ғалымбек Елубай «Бүйі қаптаған жаз», «Тумай тұрып өлімге кесілгендер», «Құралай тышқанның боғы» сияқты әңгімелерімен танымал.

Ұсынылатын