Tuesday, 14 May,2024

Белгілі журналист Болат Атабаев туралы деректі фильм түсіру үшін көптен көмек сұрады

Uaqyt.info
Фото Коллаж/uaqyt.info

Журналист, жазушы Қанат Тілеухан режиссер Болат Атабаев туралы деректі фильм түсірмекші. Жобаны бастауға ол халықтан көмек қолын созуды сұрап отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Қанат Тілеухан өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Онда журналист күрескер, режиссер Болат Атабаев туралы деректі фильм түсіруге ниетті екеніне тоқталған. 

Батыста Краудфа́ндинг деген ұғым бар екен. Қысқасы, қазақша айтқанда асар ғой. Бір жобаға тоқайласып қаржылық жәрдем көрсету. Тұтас бір арнаға ақша сұрау әбестік болар.

Мен деректі фильмнен бастамақ ойға бекідім. Күрескер режиссер Болат Атабаев жайлы деректі фильм түсіруге ықыластымын. Аты – «Мың жылдық ойын». Театр өнері мыңжылдық ойын. Диктаторлардың халықпен ойыны мың жылдық ойын емей немене?! Жаңа жобаның көнцепциясын толық жазу шарт емес деп ойлаймын. Бірақ жақсы дүние жасап шығуға барымызды саламыз.

Оператор, режиссер, дыбыс режиссері, графист, жарық түсіруші,  техника – 3 млн теңге. Бұның өзі по свойский келісілген баға.

Сценарий, жол шығыны, редакторлық жұмыс, т.б. ұсақ жұмыс – 0 теңге.

Егер бірігіп «Мың жылдық ойынды» түсіреміз десеңіздер каспи мына нөмірде 8775 648 09 87.

Барынша репост. Қалталы һәм кәсіпкер жігіттерге хабарластым. Өкінішке қарай бізде деректі киноны қолдау жағы жоқ. Көбіне ас, көкпар, бәйге т.б шараларға бүйрегіміз бұрылып тұрады екен”, - деп жазды Қанат Тілеухан.

Ұсынылатын