Friday, 22 November,2024

Белгілі журналист Нұрсұлтан Назарбаевтың некесіз туған балалары жайлы тың деректі жариялады

Алмас Абылай
Фото facebook.com/guljan.tama

Белгілі журналист Гүлжан Ерғалиева экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдері мен некесіз туылған балалары жайлы деректі жариялады. Сөзінше олар мұрагерлік таластың құрбанына айналып барады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Журналист өз деректерін Facebook-тегі парақшасында жазды. Дерекке сүйенсек, ол өз ойын соңғы күндері әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен Назарбаевтың 17 жастағы ұлы Тауман Нұрсұлтанұлынан бастаған.

"Мен Назарбаевты емес, онымен туыс болғаны үшін ғана жауап беретін адамдардың жағындамын. Себебі бұл мұрагерлікке талас аясында кәмелетке толмаған некесіз ұлдары жайлы ақпарат қоғамда қызу талқылануда. Бұл әдейі жасалған әрекет іспетті. Кеше қазақ даласын билеп-төстеген басшының заңды мұрагерлері – қыздары, күйеу балалары, немерелері, інілері мен қарындастары ұлттық байлықты жаулап, заңды негізде байыды, қол сұғылмаушылық құқығына ие болып, "заңдағы ұрыларға" айналды. Бірақ Нұрсұлтанның басқа әйелдері мен балалары пайда болған соң олар заңнан тыс қалып, заңды отбасының бәсекелестеріне айналды. Оларға деген өшпенділік туындады", – деп жазды ол.

Сонымен қатар журналист осындай өшпенділіктің алғашқы құрбаны – Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Айсұлтан Назарбаев екеніне тоқталады. Экс-президенттің үлкен ұлы стюардессадан туған.

"Назарбаев өз ұлын ашық мойындамады, Сарамен ажырасып, Айсұлтанның анасына үйленген жоқ. Бірақ ұлын Дариға мен Рахатқа берді. Некесіз туған ұлының өмірі қалай аяқталғанын бәріміз білеміз. Экс-президент екі қыз туып берген екінші стюардессаға да үйленген жоқ. Олар қазір тығылып, өздерінің тегін жасыруға мәжбүр. Жалған биография мен мұндай тағдыр оларға не үшін керек?" – деп қосты Ерғалиева.

Мұнан кейін Гүлжан Ерғалиева Тауманның анасы Әсел Құрманбаеваға тоқталады. Тіпті оы академик Есполовтың қызы емес екенін де жазған. Сөзінше Есполовтың өзінде 4 бала бар. Алайда Әселді ойдан құрастырып қосып қойған.

"Әселдің шыққан тегін, әкесі мен анасын білемін. Бірақ бұл басқа оқиға. Мәселе жас, әдемі Әселді Назарбаевтың шибөрілері иемденіп алуында. Ал қарапайым отбасы бұған қарсы тұра алмады. Әсел анасының тегімен Құрманбаева болды. Шын мәнінде әкесінің тегі бойынша Исабаева. Елбасы сезімінің құрбаны. Екі мұрагерді дүниеге әкелген соң балаларымен бірге отбасыдағы таққа таластың ортасына түсті, билікті иелену жоспарында қаруға айналды", – дейді ол.

Тіпті Дариға Назарбаева Әсел Құрманбаеваға бәсекелес ретінде қарап, Назарбаевтың “әйеліне” деген өшпенділік сезімі пайда болған.

"Назарбаев бұл жолы да Әселге үйленбеген, ал ұлдарын қоғам болып негізсіз балағаттайды. Әсел бұл отбасыдан алшақтап, балаларын халықтың қарғысынан қорғау үшін Назарбаевтан кеткісі келген секілді. Бірақ ешкім бұған жол бермейді. Себебі олар Назарбаевтың меншігі емес пе? Ол "тұтқындағы қазақ әйелі", бірақ жағдайы біздікінен 10 есе ауыр. Тіпті Назарбаевтан кеткісі келгені үшін Әселді жындыханаға жатқызып, балаларын тартып алды деген сыбыс бар. Айсұлтанның оқиғасы қайталанып жатыр ма? Сондықтан Әселдің ұлдарын қарғаудың керегі жоқ", – деп қорытындылаған сөзін журналист.

Еске салайық, бұған дейін қоғамда Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлы Тауман энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің қызына үйленді деген сыбыс тараған. Кейін министрлі бұл ақпаратқа жауап берді. 

Ұсынылатын